Блогер Балжан

feEUStL9spM
Сәлем, барлықтарыңызға! Қатарларыңызға қосылған жас блогер Абылғазиева Балжан боламын. ШЫғыс Қазақстанның тумасы, Алматы қаласының тұрғыны, Сүлейман Демирель университетінің 1-курс студентімін. Болашақ төртінші билік өкілі журналист мамандығы бойынша білім алудамын.
Жазбаларымды күнделікті оқи отырып, мені де жақын тани түсесіздер. Дегенмен де, өзім жайлы айтып өтсем, артық болмас.
Отбасымның үлкен қызымын, артымнан ерген сіңілім бар. Өмірде үлкен жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырғым келеді. Абай айтқандай: «Мына бір кірпіш дүниеден, кетігін тап та бар қалаң»,- деген ұстанымды берік қолдаймын. Армандағанды ұнатамын, олар менің болашағымды жарқын ететіндігіне сеніммен қараймын.

Advertisements