Блогер бастамасы

09vj7z7ieao

Пайдалы кеңестер пайдалы кітаптарда

Сәлем, достар! Менің блог әлеміме қош келдіңіздер!

Есімім Абылғазиева Балжан. Сіздерге өмірге қажетті пайдалы кеңестермен бөлісіп отырамын. Кеңестерім әр түрлі жастағы оқырмандарыма өз кәдесіне жарайды деген үмітпен жазбаларымды ұсынғым келеді.

         Блогымды «Пайдалы кеңестер» тақырыбында жүргізуімнің бірнеше себептері бар. Біріншіден, қыз бала болғандықтан ғаламтордан, қыздарға арналған журналдардан жаңа заттарды  үйренуге, атап айтсам: ас әзірлеу, қолдан бұйымдар жасауда пайдалы кеңестерді оқуға өте құмармын. Екіншіден, үй жағдайында кейбір шаруалардың ыңғайын білмей қалған сәттерде осындай кеңестерге мұқтажбын. Үшіншіден, оқырмандарыма күнделікті кеңестеріммен бөлісіп, өзімнің жіберген қателіктерімді мысал ете, сіздерге соны алдын алу жөнінен  пайдамды тигізгім келеді. Оқырмандарыммен осының төңірегінде кеңесіп, бірге көп нәрсе үйренуге болатындығын шындыққа айналдырғым келеді. Мұндай тақырыпта блог жүргізушілер де болуы мүмкін. Менің кеңестерім сіздерге жаңашылдығымен және сіз естімеген мәліметтерімен ерекшеленуіне жұмыс жасайтын боламын.  Айналада біз білмейтін қызықты, жаңа, тың дүниелер өте  көп. Соларды меңгеруге менің блог әлемім өз септігін тигізеді деп үміттенемін.

Мен жариялаған күнделікті жазбалармен танысып, құлақ асатын болсаңыз, әр ісіңізде кәдеңізге жарайтындығына кепілдік бере аламын.

Алдағы күндеріміз қызық пен пайдаға толы болсын. Менімен бірге болыңыздар!

Advertisements

2 thoughts on “Блогер бастамасы

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s