Көліктегі көңілді әңгіме…

 

_VT08GSKI1s
Көлік тізгінін ұстаған жүргізуші

           Жақында Төле би Тлендиев көшесінен Мега сауда орталығына дейін такси қызметіне жүгініп, көлік ұстадым.  Көлікке отыра салғанда, маған оның ішіндегі атмосферасы мен тазалығы ұнады. Әнші Қайрат Нұртастың көңілді өлеңі қосылып тұр екен.  Такси жүргізушісінің өзі де әңгімешіл, ашық кісі болып шықты. Жасы шамамен отыздарда. Көлікке отыра салғанда айнаның ілгегінде үш баланың суреттері ілініп тұр екен.

           Бұрын соңды көліктерден суретті емес, арнайы әшекейлерді немесе көзі бар моншақтарды көруші едім. Көзіме ерекше заттың түскеніне қатты қуандым. Бірден сурет жайлы сұрауға ұялдым, бес минут өткен соң: Мына суреттегі балаларыңыз ба? – деп сұрадым. Жүргізуші күлді. Өзінің жасы отызда бола тұра үлкен баласы 18-де болмайтындығын айтып  жымиды. Бұл балалар өзінің қожайынының балалары екен.

         Жұмысы оларды арлы-берлі оқуларыңа, үйірмелеріне тасу екендігін айтты. Әйтпесе бойдақ, балалары жоқ екен.  Олай болса неге қожайынының балаларынының суретін іліп қойғандығын сұрадым. Көлік қожайыныкі болғандықтан сол сурет ілініп тұр екен.  Балаларын керекті жерлеріне жеткізіп жүрсін деп жұмыс көлігі ретінде беріпті. Сурет ол жұмысқа қабылданғанға  дейін ілініп тұрыпты. Кейде шаршайтындығын жасырмады. Себебі арнайы демалыс та берілмейді екен. Кез келген уақытта шақыртып алып, қызымды анда апар, мында апар деген бұйрықтар жиі болатындығын айтты. Түн ішінде де хабарласудан тайынбайтын көрінеді. Бүгін ғана  демалыс сұрапты. Әйтпесе, көшеден жолаушы алмайтындығын айтты.Онда не үшін басқа жұмыс қарастырмайтындығын  сұрадым.Үш жыл осы жұмыста болғандықтан үйреніп қалыпты. Қожайынымен алғашында бір фирмада әріптес болыпты. Одан кейін ол фирма жабылып қалғандықтан, жұмысы болмаған. Дереу жұмысқа тұру керек болыпты. Осылайша әріптесі оның балаларына жүргізуші болуға ұсыныс білдіріпті. Уақытша ғой деп келіскен ол, үш жылдан бері әлі жүргендігін айтып  күлді. Бірақ қожайыны жақсы көрінеді.Керісінше  жұбайы  қыңыр, шыдамсыз екен. Сәл кешіксе болды ашуланып, тегін істеп жүргендей деп айта беретін көрінеді. Сондай-ақ  100000 теңге жалақысына қанағатсыз екен.

           Сондықтан олай болса неге жұмысын неге ауыстырмайтындығын сұрағанымда, жалақысын уақытысында бергендіктен, үйреніп қалғандықтан кеткісі келмейтіндігін айтты. Сол үйде еркін тамақтанып солардың отбасының бір мүшесі ретінде бірге дастархан басында отырады екен. Шаршаған  кездері үйлеріне кіріп демалып алатын көрінеді. Мүмкін жаны тыныш болғаннан кейін кете алмай жүрген шығар деп ойладым ішімнен. Әңгімеміз осылай қызып кетті. Мегаға да тез келіп қалдық. Жақсы әңгіме болды, рахмет деп шығып кеттім. Әңгімеден түйгенім, өмір бізге көптеген тосын сыйлар дайындап тұрады екен. Ешкім де болашақта өзінің бірге істеген әріптесіне қызметкер боламын деп ойламайтын шығар. Сондықтан да, жүргізушімен өткен әңгімеміздің идеясы – барға қанағат еткен дұрыс деп ойлаймын. Себебі жоғарыда жүргізуші жалақым аз, кеткім келеді десе де, үш жыл бойы әлі осы жұмысында. Дегенмен де, жағдайы жақсы екенін өзі білсе де қанағатсыздығы байқалып тұр. Осылайша көліктегі бір сурет арқылы бейтаныс адамның өмір жолымен, қызметімен таныстым да оның сөздерінен қорытынды жасай алдым.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s