Тәуелділік пе әлде қажеттілік пе? (3-бөлім)

IMG_7076

Көңіл-күйді бағындырған смартфондар

Жазбамның 2-бөлімінде кішкентай сәбилердің компьютер, телефондарға тәуелділігін немесе қызығушылығы жайында айтқан болатынмын. Оған үлкендердің әсер еткенін мойындауға тиіспіз. Сәл жыласа болды, ойыншықпен емес, компьютердегі ойындармен, мультфильмдермен алдауқырататын болдық. Оларды өзіміздей көріп, баланы қойдырудың оңай жолына көштік.

Себебі өзіміздің де көңіл-күйіміз болмаса телефонымызбен ғаламторға, әлеуметтік желілерге кіріп, көңілімізді аулаймыз. Онсыз күнімізді елестете алмайтындай да дәрежеге жеттік. Айтпасақ та белгілі, телефондардың бізге берген мүмкіндіктері шексіз екендігін білеміз. Сол үшін де оған деген махаббатымыз «зор». Алайда, оның зияндығын ойламаймыз. Оларға деген тәуелділік алғашқы орынға шығып кетті.

Телефон қуаттан шықса, бұзылып қалса, себепсіз қосылмай қалса айналаны қараңғылық торлағандай кейіпке енеміз. Көңіліміз түсіп, ашуға ерік береміз. Тобымдағы студенттер телефондарымен қатар қуаттандарғышын да алып жүреді. Дәріс бөлмелеріндегі тоқтар да босамай, ұялы телефондар қуаттандырылып тұрады. Барлығы да смартфондарымыз қуаты бітіп қалмасын деген қауіптен сақтану мақсатында, көңіл-күйді түсірудің алдын-алу. Ал, бұзылған болса, бір күнде телефонсыз жүрмейтініміз анық. Себебі инстаграм, вконтакте, уатсап жайына қалып, шыдамсыздық танытып жатамыз.

Одан бөлек өмірдегі әр қадамымызды осы телефондарға байлап, тіпті будильникті де ұялы телефонмен қосамыз. Калькулятор, фотоаппарт, түртіп қойғыш қағазымыз да, әуенді де осы смартфондардан аламыз. Әрине, заманның жетістігі, алайда, кейде ойласаң қорқыныш та туғызады.

Иә, өкінішке орай, заманымыздың дамығандығы соншалық, ұсақ-түйекке бола уайымдайтындай дәрежеге жеттік. Одан да, өмірлік проблемаларға осындай көңіл-күймен қарап, соларды шеше білсек нұр үстіне нұр болар еді.

2 thoughts on “Тәуелділік пе әлде қажеттілік пе? (3-бөлім)

Пікір қалдыру