Ерекше дәммен танысайық

 

This slideshow requires JavaScript.

Құрметті арулар, «Француздық ет»(Негізгі орысша атауымен «мясо по-французский» деп аталып кеткен, қазақшаға аударып беріп отырмын) жайында естуіңіз бар шығар. Мүмкін отбасыларыңыздың сүйікті тағамына айналып, менің кеңесім қажет болмауы да мүмкін. Алайда, білмейтін аруларға құлаққағыс болсын деген оймен ұсынып отырмын. 

Алғаш бұл тағамнан дәм тату мектеп асханасынан бұйырды. Ерекше көрінісіне қарап, қызығып кеттім де, тапсырыс бердім. Содан бері ең сүйікті тағамыма айналып, демалыс күндері отбасыма дайындап беруді әдетке айналдырдым. Тағамға қарасаң, дайындалуы ұзақ, қиын көрінгенімен, өте тез әзірленеді. Дәмі де тіл үйіреді. Алайда, диета ұстап жүрген жандарға кеңес бермес едім.

Аты айтып тұрғандай, бұл тағам ең алғаш Франция елінде орыс графы Орловқа арналып дайындалған. Негізгі халықаралық атауы Veau Orloff. Дайындалу жолында ет міндетті түрде болуы тиіс. Аспаздар қалауларына қарай саңырауқұлақты қосып жатады. Бірақ құрамына міндетті кіретін қоспалар картоп, ірімшік және майонез. Сатылай әзірленетін болғандықтан, орындарын ауысытруға да болады, одан астың дәмі де әдемі көрінісі де өзгермейді. 

Отбасы мүшелерін ерекше тағаммен таң қалдырғыңыз келсе, «Француз етін» ұсынсаңыз болғаны.

Advertisements

4 thoughts on “Ерекше дәммен танысайық

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s