Әлеуметтік желілер эволюциясы

This slideshow requires JavaScript.

 

Баршаңызға қайырлы күн!  Өміріміздің бір бөлігіне арналған әлеуметтік желілерсіз күнімізді елестете алмаймыз, солай емес пе? Кейде осы желілерге қалай келгенімізді, олардың эволюциясын айтып күлісіп жатамыз. Ең алғаш ғаламторды түсінуге жол ашқан «Мой мир» әлеуметтік желісі естеріңізде ме? Осы «Мой мирді» айтқанда, өткенімізге оралып, жастық-шағымызды еске алғандай болып жатамыз.Әсіресе, агентпен атырған таңдарды ойласам, көңілденіп қаламын. Ондағы ескі суреттерімізді көріп, тіпті ұялып та жатасың, оларды өшіре де алмайсың, ең қызығы. Себебі оның дәурені өткендіктен(мүмкін кйбіреулер үшін өтпеген шығар)құпиясөзімізді ұмытып қалдық.

«Мой мирдің» орнын «Вконтакте» алмастырып үлгерді. Негізі, екі желінің айтарлықтай айырмашылығы жоқ еді.Себебі екеуі де әңгімелесу құралы екендігі белгілі. Десе де, Қазақстан жастарына «Вконтакте» тиімді болып кетті. Бұл әлеуметтік желімен қатар Facebook және Twitter  де кең өріс тапты. Аталған үш желі әлі де маңызын жоя қойған жоқ. Қолданушылары да көбейіп келеді,соған қарағанда жалықтыра қоймаған тәрізді.

Мемлекетіміз бойынша қарты мен кішісі, үлкені мен жасы да ең көп қолданатын Whatsapp нағыз хитке айналды. Қазір тілдесудің ең тиімді жолына айналып кетті. Сенесіздер ме  Whatsapp біздің үй телефонымыздың орнын басып, қазір алыс-жақынымызбен телефон арқылы сөйлеспейтін де болдық.Себебі бұл желімен жазысамыз, қаласақ дауысымызбен де бөлісеміз, қатты сағынсақ, оларға осы желіде тікелей хабарласа да аламыз, мүмкіндік болса сурет және видеоларды жәберіп жатамыз. Ең көп мүмкіндікті осы Whatsapp көбірек берген шығар.

Тағы бір хитке айналған ол – Инстаграм. Шамамен 3-4 жылдың көлеміндей уақыт болған шығар, Инстаграм әлі құнын жоғалтқан жоқ. Қолданушылар суреттерімен дәл оқиға үстінде бөлісіп, өзіңе оқырмандар мен көп лүпіл жинауға тырысып жатады.Бұл, әсіресе, жастар арасында трендке айналып, бәсекелестік айқын көріне бастады.Одан бөлек видео арқылы жұмыс жасайтын Skype және Periscope та тез таралып үлгерді. Екіншісі осы жылы қолданушылар санымен тез танымал болды. Бұл желіде онлайн түрде трансляция жүргзуші өз оқырмандары қойған сұрақтарға жауап бере алады, тек оларды видео арқылы көре алмайды.   

Алдыңғы сатыларға Snapchat әлеуметтік желісі де шыға бастады. Негізі бұл  Snapchat-ты нақты түсіне алмадым. Бар білетінім, достарына күлкілі видеоларынмен бөлісе аласың. Жекешеде сөйлесуге де болады. 

 Болашақта бұл «эволюцияның» жалғасы болар ма екен, сол маған өте қызық…

 

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s