Менің ұялы телефондарымның эволюциясы

 

This slideshow requires JavaScript.

Білмеймін, кешеден бері «ностальгия» сезімі оянып, өткенге оралғым келді. Сол себепті бұрынғы ұялы телефондарымды еске түсіргім келіп отыр. Себебі әрқайсысының өз оқиғасы мен қызығы бар.

Ең алғашқы телефоным Motorola болатын. 3-сыныпта әкем жылды беске аяқтағаным үшін маған тосын сый ретінде сыйлады. Анам әлі кішкентайсын, ойын ойнап, сабағын төмендеп кетеді деп қарсы болғандықтан, бар жоғы 3 ай қолданым да, анама сыйға тарттым.

Екінші телефоным Samsung болатын. Оны сатып алудың өзі кездейсоқ болды. Анама ЦУМ сауда дүкенінен телефон іздеп жүріп, ақырын өзіме де қарап жүрдім. Түсі күлгін болғандықтан қатты қызығып, ата-анамды көндіріп, ойламаған жерден анаммен бірге жаңа телефонға ие болдым. Алайда, оның да дәурені қысқа болды. Анам өзінікін жоғалтып алғаны үшін, менің күлгін телефонымды уақытша ұстауды өтінгендіктен, қарсылық білдірмедім. Алайда 2 айдан соң өзім сол сүйікті телефонымды лифтіге түсіріп алғаным өкінішті болды.

Үшінші телефоным Nokiа болды. Маркасы есімде жоқ, бірақ суретте берілген. Әкеме бұл ұлдардың телефоны, маған қыз балалардың телефоны қажет деп ренжігенімді ойласам, күлкім келеді.

Төртінші телефоным, қарапайым, ішінде ойыны да, камерасы да жоқ Motorola болды. Қателеспесем бір жыл ұстаған шығармын. Анам тек тілдесіп тұрсақ болды, бастысы ойын емес дегендіктен, қаламасам да ұстауға тура келді.

Кейін сенсорлы Nokia маркалы телефонға көзім түсіп, дереу алуға асықтым. Көп суретке түсу  осы телефоннан басталды. Сол кездегі суреттерім қазіргіден де көп шығар. Алайда, талай қызықты жинаған бұл телефоным абайсызда көшеге ұшып, көліктің астында күл-талқаны шықты.

Келесіде кішігірім саусақпен жұмыс жасайтын Samsung телефоны бұйырды. Оны да бір жыл ұстадым. Кейін Samsung-тің смартфон стилінде жаңа модельдері шыққандықтан, қызығушылығым соған ауып, тағы да мейірімді әкемді көндіріп Samsung S Duos телефонына ие болдым.10-сыныптың ортасында Apple компаниясының смартфондарына көңіліп ауып, Iphone 5 S телефонын сатып алдым. Қазірге дейін бұл смартфон маған қызмет етуде. Жалпы кейінгі телефондарымның айтарлықтай қызықты оқиғалары болмапты. 

 

Advertisements

4 thoughts on “Менің ұялы телефондарымның эволюциясы

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s