Балжаннан бес интернет ақпарат

 

1-курстың екінші оқу жартысынан бастап «Жаңа медиа» атты жаңа пәнді оқи бастадық. Осы арнайы дәрістен кейін Интернетке деген қызығушылығым бұрынғыдан арта түсті. Талай журнал беттері мен интернет порталдарын оқып тоздырдым. Ғаламтор жөніндегі білімімді басынан бастадым. Респбуликалық «Ақ желкен» журналы  мен  «IT-тірлік» интернет-журналының тұрақты оқырманымын. Ұнаған санынан «Қазақ интернетінің басты артықшылығы мен бес кемшілігі», «Әлемнің жыл уикипедияшысы», «Еріктілік – еріккендік емес немесе Уикипедия туралы»,  «Жойқын кибер шабуыл интернет кеңістігін шошытты», «Киберқылмысқа қарсы күрестің кейбір аспектілері» атты мақалалардан пайдалы ақпараттарыммен бөлісейін.

Интернет, жаңа медиа туралы сөз қозғалатындықтан оны сындардан бірінші мақаланың негізінде тазалап алайық. Басты сын – тақырып аясы әлі тар.Ғылыми материалдарға зәрулік бар, танымдық дүниелер аз, адам құқығы мен заң тақырыбындағы сапалы сайттар жоқтың қасы. Ақпараттық-сараптамалық порталдардың мазмұны бір-біріне ұқсас, материалдар  «көшірмеге» айналып кеткен. Екіншіден, сілтеме жасау мәдениеті әлсіз. Біреудің мақаласын бір-екі сөзін өзгертіп, көшіріп беру әдетке айналды. «TENGRINEWS»,  « NUR.KZ»,  « КазТАГ» сияқты порталдардан мұны күнде байқаймын.

Үшіншіден, қазақтілді интернетте  пікірталас мәдениеті сапалы қалыптасқан жоқ. Бір жазбаның астында комментарийлерді оқысаң, бір-бірін жерден алып жерге салған қызуқанды адамдардың негативін көресің. Ұрыс шығаруға дайын тұрады. Пікірімді білдіремін деп, интернетті күрес алаңы көріп кетеді.  Төртіншіден, қазір ауызекі қалай сөйлесек, солай жазу етек алды. Мысалы, «жатырық, отырық», «неистеватсын», «отрм», «слм» дегендерден көзің шошиды. Тіл тазалығы сақталудан қалып барады. Тізбектеп айтып отырғанда, кейбір «білгіштердің» сапалы маман жоқтығынан  дегенін естіп қаласың.Біз өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Біздерден сапалы мамандар шығатындынғын ескеру керек. Әйтсе де, сапалы маман бар. Мысалы, екінші мақалада Wikibilim қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің негізін салушы Рауан Кенжеханұлы туралы айтқым келеді.Оның арқасында  Уикипедияға қазақтілді мақалалар салынып, алты жыл ішінде олардың саны  10 мыңға жеткен. Бір жылда мақала саны 100 мыңға, келесі жылы 200 мыңға жетіп, рекорд жасалынды. Рауан мен оның командасы осы шаруаны қарқынды жүсеге асырып, нәтижесінде Джимми Уейлстің назарын аудартты.  Уикипедия жобасын насихаттағаны үшін Рауан ағамыз «Әлемнің жыл уикипедияшысы» деп танылды. Міне, сізге сапалы маман. Уикипедияны күнде қолданамыз, басқа сайтта жоқ ақпарат міндетті түрде осыдан табылады. Осындай мамандар қазақ интернетін де, қазақтың атын да асқақтатып үлгергені қуантады.  Үшінші мақала негізінде өрбитін болсақ, «Уикипедия» деген не? Уикипедиа –  тегін,мультитілді, сағатына 5 000 000 адам қарайтын, танымалдығы жөнінен әлемде 5-ші орын алатын интернет-энциклопедия. Оған күніне 550 миллионнан астам адам кіреді. Ішінде өзіміз де бар. Бұл сайтта қазақтілді материалдардың көбейгені тіл жанашырларының жауапкершілігін көрсетеді. Көштен қалмай түркі тілдерінің арасында мақалалар жөнінен екінші орында тұрмыз. Сапасы да қуантады. Талай реферат, жобаларымызды «Уикипедия» көмегімен жазып шықтық. Болашақта Қазақстанның ашық кітапханасына қазақ ақын-жазушыларының шығармалары тегіс салынады деген жоспар бар. Тек жазбаша емес, аудио және бейнематериалдар да топтастырылып үлгерді. Алайда мұндай пайдалы сайттарымызға «киберқылмыстың» қаупі де төну мұмкін. Сөзімді төртінші және бесінші мақала негізінде түйіндейін. Білмесеңіз,  киберқылмыс – ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын, қылмыстық-жазалау. Яғни, интернет қылмыс. Шынайы өмірдегі қылмыскерге қарағанда, киберқылмыскер пышақ және тапанша қаруларын қолданбайды. Ол желіге ену, программалық жасақтаманы бұзу, ақпаратты рұқсатсыз алу және компьютерлік жүйенің жұмысын уақытша тоқтатуға барын салады. Желідегі шабуылдар, төлем карточкаларымен алаяқтық, банктік шоттардан қаражат ұрлау – бұл киберқылмыскерлердің Интернет желісінде жасап жүрген қылмыстарының бірнешесі ғана. Мұндай әрекеттер біздің мемлекетке де қауіп төндіреді. Оның негізін былай түсіндіруге болады. Киберқылмыс –арзан қылмыс түрі, қашықтан жасалу мүмкіндігіне ие және көп адамға әсер ете алады.

Пайдалы мақалалардан берген ақпаратым кәделеріңізге асады деген ойдамын. Заманауи интернет жаңалықтарынан қалыспайық!

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s