Жаныңда жүр жақсы адам…

Жоба төңірегінде көп қолданушылардың «Әлеуметтік ролик» тақырыбында жұмыс дайындағандарын байқадым, қызық емес болып кетті. Робот құрастырып, техникалық жаңалықтарымен бөліскендерді тағы түсінбедім(физикадан хабарым болмағаннан шығар). Алаңсыз өтіп бара жатқанымда, қазақша көк көйлек киген екі қыз:»Заттарымызды сатып аласыз ба?»-, дегенде таң қалдым. Қалай сонда, жобасын ұсынғандар қосымша заттарын тегін береді ғой, сыйлық ретінде. Неге олар сатып тур екен деп жақындадым.

-Тегін бермейсіздер ме, неге сатылады?

-Жоқ, түскен қаражат қайырымдылыққа кетеді, бірақ тегін беретін сыйлықтарымыз да бар.

Қандай қайырымдылық деп сұрастырғанымда, бұл екі ару ойдан шығарылған әлеуметтік роликті емес, шынайы оқиғаны жоба ретінде әкеліпті. Екі қыздың бірі кәріс екен. Есімі Александра. Өздері Тараз қаласынан Infomatrix-тан жеңуді емес, қайырымдылық жасауды мақсат етіп келіпті. Александраның нағашы әпкесінің Жанерке есімді қызы туылғаннан соқыр екен. Бар жоғы 700 грамм болып туылған сәбидің күннен-күнге жанары кетіп, соңында қараңғылықтың қапасында қалыпты.Қазір 12-де.Вокалға барып әншілік өнерін кеңейтіп жүрген Жанеркенің қайта көріп кетуге мүмкіндігі бар. Кореяда осындай операция түрін 80 000$-ға жасау болады. Алайда отбасының қаражаты жетпей, анасы қажетті сомманы жинау үшін үш жерде жұмыс жасайтын көрінеді. Әкелері қыздарының жағдайы үшін кетіп қалған. Жанеркенің анасы кәріс,әкесі қазақ болып шықты. Ұлтымның алыптай азаматының бұл қадамын ешнәрсемен ақтай алмадым.

Александра әпкесіне қаржылай және ақпараттық жағынан көмектесу үшін осы жобаға құрбысымен бірге қатысыпты.

«Алматыда халық көп, мемлекетіміздің бас қалаларының бірі. Оған қоса жарыс Сүлеймен Демирель университетінде өткендіктен студенттердің қайырымды іс-шаралардың көп жасайтындықтарын естіп жүрміз. Біз жәрдемсіз қайтпайтынымызға сенімдіміз. Міне, 2 күн уақыт ішінде 9000 тг ақша жиналды, ертең де күн бар. Көп қаражат емес, бірақ әпкемнің қуанатынына сенімдімін. Оған қоса роликпен көп адамдарды құлақтандырдық. Ақшалай көмектесеміз деп кейбір оқытушылар мен студенттер телефон номерлерімізді алып қалды. Қатты қуанып тұрмын. Мендегі мақсат жеңіп, грант ұту емес. Шынымен, ең жақын туысқаныма көмектескім келеді»,-деді Александра.

Менің де үлесім болсын деп, бірнеше заттарын сатып алдым. Мұндай ғылыми жоба байқауларынан қайырымдылықтың барын көргеніме  қуандым. Достар, 11-сынып қыздарының адал ниеті байқалып тұрды. Ешқандай жасандылықсыз көмек көрсетуге дайын екендіктеріне көзім жетті. Мұндай адамдар қазір аз, өкінішке орай…

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s