Жаңа медиа болашағы

This slideshow requires JavaScript.

ХХ ғасырдың соңында адамзат баласына жол тартқан ақпараттық жаңалық – Жаңа медиа алаңы. Күнделікті қолданыстағы интернет, оның тармағы болып табылатын блогосфера, әлеуметтік желілерсіз техникаға байланған ақпарат ғасырын елестету қиын. Қазір кез келген мамандық ғаламтордың құдіретіне зәру, онсыз ешқандай жұмысымыз бітпейтініне көз жеткізіп отырмыз. Тіпті етікшінің өзі етіктерді қалай әдемі, ерекше, сапалы тіксем екен деп интернетке жүгінеді. Қарап отырсақ, жаңа медиа әр адамның дүниетанымының кең болуына, ізденуіне, жоқтан бар шығаруға, креативке баулып отыр. Бұл туралы көп ақпаратты өткен жазбаларымда айтқандай Асхат Еркімбай ұстазымыздың сабағы мен мақала, сұхбаттарынан білген едім. Әрі қарай жаңа медианың болашағы зор деген түсініктің төңірегінде ой қозғағым келеді. 

Неге мұншалықты сенімдімін? Болашақты сараптамас бұрын бүгініміз бен өткенді еске түсірейік. Компьютер, планшет, смартфон болмаған заманның да өз жаңа медиасы болды. Ерте түркі дәуіріндегі тастағы сына жазулар,пиктографиялық суреттер сол заманның медиасы, жаңалығы. Бастысы, ол дамуын жалғастырып, газет, радио, телевизияны дүниеге әкелді. Сол қашалып жазылған ақпараттардың болашағы  адамдардың даму процесіне маңызды көзқараспен қарағандықтан айқын болды. Дәстүрлі медиа деп отырған ақпарат құралдары да интернет пайда болғанша асқақтап тұрды,қазір де маңызын жойған жоқ. Техника құдіретін көрмеген жандар зор таңқалыспе бұл өзгерісті қарсы алды. Бір кездегі жаңашылдық қазір қалыпқа айналып, өзің ғаламтор алаңында дамытып отыр. Бүгінгі теледидар, газет тіпті радионың да электрондық нұсқалары жұмыс істеп, жеке сайттары бар. Сол себепті бүгінгі жаңа медианың бізді таң қалдырған өзгерістері болашақта одан да артық таң қалдыратын болады.

Естеріңізде болса, өткен «Болашақ бізге қандай сый дайындады?» деген жазбамда жаңа медианың болашағы, креативі туралы видеоматериал салып бөліскен болатынмын. Ол бойынша болашақта қалаған киіміңізді онлайн өлшеп көру мүмкіндікке ие боласыз. Сенсорлы үстелдер пайда болады, яғни күнделікті ас немесе жұмыс үстеліңізде отырып ғаламторға кіре аласыз, фильм тамашалап, видео арқылы алыс-жақыңызбен тілдесе аласыз. Сондай-ақ «ақылды сағаттар» да көп күттірмей жол тартады. Уақытты енді сағаттың тілінен емес, теріңізге көрсетілуінен көре аласыз. Тағы да «Гугл пласт» атаулы көзілдірік сурет түсіруге, видео дайындауға, ауа-райын білуге мүмкіндік аласыз. Сондай-ақ ғалымдар көзілдірік мобильді сөйлесу қызметін, интернетке қосылуды және онлайн-күнделік жүргізуге болатыны жөнінде уәде беріп отыр. 

Ал енді, жаңа медиа болашағы туралы мен өзімнің қиялымды қосайын. Болашақта,менің ойымша, қазіргі қолдағы газеттеріміздің қағаз болмысы сақталады, оған қоса сол қағаз газетімізде сенсорлы қолдану мүмкіндігі беріліп, шынайы және электронды газетпен бір уақытта жұмыс істей аламыз. Елестетіп көріңізші, жай қарасаң қарапайым газет, бірақ ішкі функциясы барлығы тұнып тұрған техника. Екінші қолға ұстауға арналған, көлемі смартфон пішінді теледидарлар шығады. Әрине, интернетпен жұмыс жасайды. Әлемнің кез келген бұрышында «Қазақстан» ұлттық телеарнамызды қалаған уақытыңызда тамашалай алатын боласыз. Керемет емес пе?

Міне, болашақтың «Жаңа медиасын» мен осылай елестетемін. Жоқ, мұмкін емес дейтін шығарсыз. Бәрі де мүмкін. Болашақ пен техниканың құдіретіне сенсек болғаны.

 

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s