Түрік сериалдарының тұңғиығыңда…

Мен де өзгелер сияқты «Түрік» сериалдарының сүйікті көрерменімін. Қазақстан телеарналарында көрсетіліп жатқан аталмыш сериалдарының барлығын жібермей көріп шыққан «рекордшы» көрермен де мен шығар. Содан болар «түрік», «Түркия», «Стамбул» сынды сөздер жаныма жақын болып, жалпы түрік халқын ерекше жақынымдай жақсы көріп кеттім. Түрік университетіне түсуіме де сериалдардың  әсері болған шығар, бәлкім. Жарайды, мәселе мұнда емес. Кеше kerekinfo.kz сайтына кіріп біраз жазбалармен таныстым. Осылайша оқырманы ең көп және үздік жазбалары бар блогшыларды іздеп, бірінші орында тұрған asaubota есімді қолданушының парақшасына кірген едім. Оның жазбалары ішінен «Түрік сериалдары» блогын көргенде ойланбастан ашып, барлығын оқып шықтым. Сериалдардың кумирі ретінде маған оларға қатысты жазбаларды оқып шығу ешқандай қиындық туғызған жоқ. Ең қатты ұнаған жазбасы – «Орташа есеппен түрік сериалында не болады». Шыңдық, қалжың және сарказммен жазылған бұл постты оқи отырып, біраз күліп те алдым. Шынымен де, түрік сериалдары бір-біріне ұқсап, бір тақырыптың айналасында шоғырланып қалыпты. Ешқандай жаңашылдық жоқ. Барлығындағы оқиғалар сол бір сценариймен өтіп жатады.

Оқуды жалғастыру

Мен армандаған СДУ

 

This slideshow requires JavaScript.

 

Журналист боламын деп 7-сыныпта шешім қабылдап қойған болатынмын. Сол кезде ата-анам, туысқандарым КазГУ-дың журналистикасы жақсы, сонда тапсыр дейтін. 9-сыныпқа дейін менің мақсатымдағы университет КазГУ болды. Бірақ сол жылы мен таңдауымды СДУ-ға ауыстырдым. Оқуды жалғастыру