Онлайн дәріс

Қазақстанда дата журналистиканы кәсіби түрде оқып жатқан бірінші толқын студенттерінің қатарында болғандықтан, мүлде бейтаныс саланы меңгеру қызығы мен қиындығын да көрсетіп жатыр. Жалпы, сан, көп мәліметтерді реттеу, одан гипотеза шығару, зерттеуге ұмтылу сияқты процестер менің табиғатымнан біраз алыс. Сондықтан курстың теориясымен қатар практикасын да меңгеріп кету біраз қиындықтар туғызып жатыр.

Жақында курс оқытушымыз Асхат Еркімбай бізге www.info-dostup.kz  сайтынан ақпаратқа қол жеткізу туралы сабақтармен танысуымызға кеңес берді. Алғашқы үш сабақ маған ұнады. Бірінші сабақ «Ақпарат бостандығы бойынша негізгі қағидалар. Оларды қалай түсінеміз және қолданамыз?» деп аталады. Курс басында ағай бізге тек  ресми ашық ақпарат көздерінен ғана сенімді мәліметтер жинай алатынымызды түсіндірді. Жоғарыдағы сайттағы сабақтар танымымды тағы да кеңейткендей болды. Менің назарымды ерекше аудартқан ол – бостандық пен ақпаратқа қол жеткізудегі мемлекеттердің рейтингі. Мұнда ақпаратқа қол жеткізу туралы заңы бар 111 мемлекет заңды дұрыс орындау қағидасына қарай реттестірілген. Өкініштісі, Қазақстан 104-орында екен. Демек, бізде ақпаратқа ашық қол жеткізуге байланысты заңымыз болса да, ол тек формальды түрде ғана жүзеге асатыны белгілі болып тұр. Яғни, біз аутсайдер елдер ондығының тізіміндеміз.

Бірінші сабақта мен «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының болуы мен орындалуына бірнеше парадокстың барын және көп елдердің ашық көрсетуге тиіс мәліметтерді құпияда сақтайтындығына көзім жетті.  Сондай-ақ «Ақпарат бостандығы» бойынша негізгі тоғыз қағидамен танысып шықтым. Бірінші сабақтан мен тек болашақ дата журналист ретінде ғана емес, ашық ақпарат көздерін пайдалануға құқылы ел азаматы ретіндегі сауатымды да шыңдадым деуге болады. Себебі кейде құқық жағынан сауатсыздық та қажетті мәліметіңді заңды түрде алуына кедергі болып жатады.

Екінші сабақтан мен ақпарат алудағы  қолжетімді және шектеулі категорияларымен таныстым. Бәлкім, ең қызығы да осында болған шығар. Мені қолжетімді ақпарттан гөрі құпия ақпарттардың тізімі қызықтырды. «Неге ол құпия?», «қолжетімді ақпараттың тізіміне қосуға мүмкін ғой» деген сияқты сауалдарды өзіме қойып отырып оқыдым.

Сондай-ақ мемлекеттік және қызметтік құпия туралы танысып шықсам да, екеуінің айырмашылығын түсіне алмадым. Маған екеуі де бірдей болып көрінді. Мұмкін барлық 10 сабақты оқып шыққан соң, түсініп қалармын деген ойдамын. Десе де, екінші сабақ құқықтық білімімді тағы бір сатыға көтерді. Себебі келесіде мен датамен немесе мәліметтермен жұмыс жасаған кезде зерттеп отырған материалымның саласына қарай ашық ақпаратқа қол жеткізетініме немесе құпия болғандықтан ақпарат жинай алмайтынымды бірден сараптай алатын дәрежеде боламын.

Негізінде, сабақ тақырыптары қызықты бола түскенін байқадым. Бірінші және екінші сабақтарда «ақпарат иеленуші», «ақпарат пайдаланушы» сөздерің оқығанда екеуі синонимдес бір ұғым екен деп ойладым. Шыңдығында, екеуі екі түрлі болып шықты. Экономикадағы сұраныс пен ұсыныс сияқты. Ақпарат пайдаланушы – сұраныс, яғни ақпаратқа сауал салушы, демек біздер. Ал, ақпарат иеленуші – ұсыныс, ақпаратты беруші ресми органдар.

Бұл сабақ ақпарат пайдаланушы мен ақпарат салушылардың құқығы, міндеттері туралы мәлімет берді. Алуға заңмен рұқсат етілген ақпаратқа мүмкіндік болмағанда оны құқықтық жолмен шешуге болатындығымен де таныстым. Тіпті өтемақы талап етуге де болады екен.

Қорытындылай келе, қоғамның мүшесі ретінде өзімізге тиесілі ақпараттармен танысуға берілген мүмкіндіктен жұрдай болмаған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан сабақтарда көрсетілген ашық мәліметтердің сілтемелеріне кіріп, жалпылама түрде таныстым. Келесіде, журналистік зерттеумен айналысатын болсам бірден ашық ақпарттың көзің енді білетін болдым. Сондай-ақ әрбір сабақ соңындағы тесттерді тапсыру қызық болды. Тест мүлде қиын емес, оңай екен.

Advertisements

Балжаннан бес интернет ақпарат

 

1-курстың екінші оқу жартысынан бастап «Жаңа медиа» атты жаңа пәнді оқи бастадық. Осы арнайы дәрістен кейін Интернетке деген қызығушылығым бұрынғыдан арта түсті. Талай журнал беттері мен интернет порталдарын оқып тоздырдым. Ғаламтор жөніндегі білімімді басынан бастадым. Респбуликалық «Ақ желкен» журналы  мен  «IT-тірлік» интернет-журналының тұрақты оқырманымын. Ұнаған санынан «Қазақ интернетінің басты артықшылығы мен бес кемшілігі», «Әлемнің жыл уикипедияшысы», «Еріктілік – еріккендік емес немесе Уикипедия туралы»,  «Жойқын кибер шабуыл интернет кеңістігін шошытты», «Киберқылмысқа қарсы күрестің кейбір аспектілері» атты мақалалардан пайдалы ақпараттарыммен бөлісейін. Оқуды жалғастыру

Әлеуметтік желілер эволюциясы

This slideshow requires JavaScript.

 

Баршаңызға қайырлы күн!  Өміріміздің бір бөлігіне арналған әлеуметтік желілерсіз күнімізді елестете алмаймыз, солай емес пе? Кейде осы желілерге қалай келгенімізді, олардың эволюциясын айтып күлісіп жатамыз. Ең алғаш ғаламторды түсінуге жол ашқан «Мой мир» әлеуметтік желісі естеріңізде ме? Осы «Мой мирді» айтқанда, өткенімізге оралып, жастық-шағымызды еске алғандай болып жатамыз.Әсіресе, агентпен атырған таңдарды ойласам, көңілденіп қаламын. Ондағы ескі суреттерімізді көріп, тіпті ұялып та жатасың, оларды өшіре де алмайсың, ең қызығы. Себебі оның дәурені өткендіктен(мүмкін кйбіреулер үшін өтпеген шығар)құпиясөзімізді ұмытып қалдық. Оқуды жалғастыру