Ерекше дәммен танысайық

 

This slideshow requires JavaScript.

Құрметті арулар, «Француздық ет»(Негізгі орысша атауымен «мясо по-французский» деп аталып кеткен, қазақшаға аударып беріп отырмын) жайында естуіңіз бар шығар. Мүмкін отбасыларыңыздың сүйікті тағамына айналып, менің кеңесім қажет болмауы да мүмкін. Алайда, білмейтін аруларға құлаққағыс болсын деген оймен ұсынып отырмын.  Оқуды жалғастыру

Advertisements

Тәуелділік пе әлде қажеттілік пе?(4-бөлім)

ecXx_BcPvdo

Кітаптың маңызы қашанда басым

Бастапқы бөлімдерде тақырыптың төңірегіндегі тәуелділік туралы біраз ойлар айттық. Үлкен мен кіші де осы техниканың шырмауында қалғандығын, онын қызметінсіз көңіл-күйдің де түсетндігіне көз жеткіздік.  Оқуды жалғастыру

Тәуелділік пе әлде қажеттілік пе? (3-бөлім)

IMG_7076

Көңіл-күйді бағындырған смартфондар

Жазбамның 2-бөлімінде кішкентай сәбилердің компьютер, телефондарға тәуелділігін немесе қызығушылығы жайында айтқан болатынмын. Оған үлкендердің әсер еткенін мойындауға тиіспіз. Сәл жыласа болды, ойыншықпен емес, компьютердегі ойындармен, мультфильмдермен алдауқырататын болдық. Оларды өзіміздей көріп, баланы қойдырудың оңай жолына көштік. Оқуды жалғастыру

Тәуелділік пе әлде қажеттілік пе? (2-бөлім)

24lOXvj8wIU (1)

Балалардың бүгінгі ойыны

Өткен жазбамды сіңілімнің де әр күні осы компьютермен өтетіндігін бастап жазған едім. Бүгін сол туралы айтқым келеді. Бүгінде бізден бөлек кішкентай сәбилердің өздері компьютер, телефон, планшетке тәуелді. Өздеріңе ұнаған мультфильм, бағдарламаларын тамашалап көңілденіп жатады. Алайда, бұл жайттарға әлеуметтік проблема ретінде қарауымыз қажет. Оқуды жалғастыру

Тәуелділік пе әлде қажеттілік пе?(1-бөлім)

kWBQOEBmvRU

Компьютерсіз ертеңімізді елестету қиын болды

ХХІ ғасырдың жаңалықтары адамзатқа көп мүмкіндікдер сыйлады. Бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда өмір сүру біршама оңайлана түскені үлкендердің сөздерінен байқап отырамыз. Дегенмен де, біздің ғасырдың жастары бақытты. Компьютер, телефон, планшет т.б. техникалық қажеттіліктерге мұқтаж емеспіз. Сондықтан да біздің дәуірдің көрінісі осы компьютердің суретімен тікелей байланысты.  Оқуды жалғастыру

Түрік сериалдарының тұңғиығыңда…

Мен де өзгелер сияқты «Түрік» сериалдарының сүйікті көрерменімін. Қазақстан телеарналарында көрсетіліп жатқан аталмыш сериалдарының барлығын жібермей көріп шыққан «рекордшы» көрермен де мен шығар. Содан болар «түрік», «Түркия», «Стамбул» сынды сөздер жаныма жақын болып, жалпы түрік халқын ерекше жақынымдай жақсы көріп кеттім. Түрік университетіне түсуіме де сериалдардың  әсері болған шығар, бәлкім. Жарайды, мәселе мұнда емес. Кеше kerekinfo.kz сайтына кіріп біраз жазбалармен таныстым. Осылайша оқырманы ең көп және үздік жазбалары бар блогшыларды іздеп, бірінші орында тұрған asaubota есімді қолданушының парақшасына кірген едім. Оның жазбалары ішінен «Түрік сериалдары» блогын көргенде ойланбастан ашып, барлығын оқып шықтым. Сериалдардың кумирі ретінде маған оларға қатысты жазбаларды оқып шығу ешқандай қиындық туғызған жоқ. Ең қатты ұнаған жазбасы – «Орташа есеппен түрік сериалында не болады». Шыңдық, қалжың және сарказммен жазылған бұл постты оқи отырып, біраз күліп те алдым. Шынымен де, түрік сериалдары бір-біріне ұқсап, бір тақырыптың айналасында шоғырланып қалыпты. Ешқандай жаңашылдық жоқ. Барлығындағы оқиғалар сол бір сценариймен өтіп жатады.

Оқуды жалғастыру

Фотожурналист

_QqtlG5u1c8

Күздің қоңыр салқынындағы көңілді серуен

66466

Алтын күзден алтын естеліктер

IMG_4622

Гүл өссе жердің көркі…

 

7-сыныпта журналист боламын деген шешіміммен бөліскенде, жақындарымның барлығы қиын мамандықты таңдауымда үнемі еңбектену қажеттігін ескерткен болатын. Жүрек қалауым осы болғандықтан мені ешқандай қиындық қорқытпады. Керісінше осы қиындықтармен бетпе-бет келуге асығыс та болдым, себебі маған соның өзі қызық еді.

Оқуды жалғастыру