Түрік сериалдарының тұңғиығыңда…

Мен де өзгелер сияқты «Түрік» сериалдарының сүйікті көрерменімін. Қазақстан телеарналарында көрсетіліп жатқан аталмыш сериалдарының барлығын жібермей көріп шыққан «рекордшы» көрермен де мен шығар. Содан болар «түрік», «Түркия», «Стамбул» сынды сөздер жаныма жақын болып, жалпы түрік халқын ерекше жақынымдай жақсы көріп кеттім. Түрік университетіне түсуіме де сериалдардың  әсері болған шығар, бәлкім. Жарайды, мәселе мұнда емес. Кеше kerekinfo.kz сайтына кіріп біраз жазбалармен таныстым. Осылайша оқырманы ең көп және үздік жазбалары бар блогшыларды іздеп, бірінші орында тұрған asaubota есімді қолданушының парақшасына кірген едім. Оның жазбалары ішінен «Түрік сериалдары» блогын көргенде ойланбастан ашып, барлығын оқып шықтым. Сериалдардың кумирі ретінде маған оларға қатысты жазбаларды оқып шығу ешқандай қиындық туғызған жоқ. Ең қатты ұнаған жазбасы – «Орташа есеппен түрік сериалында не болады». Шыңдық, қалжың және сарказммен жазылған бұл постты оқи отырып, біраз күліп те алдым. Шынымен де, түрік сериалдары бір-біріне ұқсап, бір тақырыптың айналасында шоғырланып қалыпты. Ешқандай жаңашылдық жоқ. Барлығындағы оқиғалар сол бір сценариймен өтіп жатады.

Оқуды жалғастыру

Advertisements

Көліктегі көңілді әңгіме…

 

_VT08GSKI1s
Көлік тізгінін ұстаған жүргізуші

           Жақында Төле би Тлендиев көшесінен Мега сауда орталығына дейін такси қызметіне жүгініп, көлік ұстадым.  Көлікке отыра салғанда, маған оның ішіндегі атмосферасы мен тазалығы ұнады. Әнші Қайрат Нұртастың көңілді өлеңі қосылып тұр екен.  Такси жүргізушісінің өзі де әңгімешіл, ашық кісі болып шықты. Жасы шамамен отыздарда. Көлікке отыра салғанда айнаның ілгегінде үш баланың суреттері ілініп тұр екен.

Оқуды жалғастыру

Блогер бастамасы

09vj7z7ieao

Пайдалы кеңестер пайдалы кітаптарда

Сәлем, достар! Менің блог әлеміме қош келдіңіздер!

Есімім Абылғазиева Балжан. Сіздерге өмірге қажетті пайдалы кеңестермен бөлісіп отырамын. Кеңестерім әр түрлі жастағы оқырмандарыма өз кәдесіне жарайды деген үмітпен жазбаларымды ұсынғым келеді. Оқуды жалғастыру