Жаңа медиа болашағы

This slideshow requires JavaScript.

ХХ ғасырдың соңында адамзат баласына жол тартқан ақпараттық жаңалық – Жаңа медиа алаңы. Күнделікті қолданыстағы интернет, оның тармағы болып табылатын блогосфера, әлеуметтік желілерсіз техникаға байланған ақпарат ғасырын елестету қиын. Қазір кез келген мамандық ғаламтордың құдіретіне зәру, онсыз ешқандай жұмысымыз бітпейтініне көз жеткізіп отырмыз. Тіпті етікшінің өзі етіктерді қалай әдемі, ерекше, сапалы тіксем екен деп интернетке жүгінеді. Қарап отырсақ, жаңа медиа әр адамның дүниетанымының кең болуына, ізденуіне, жоқтан бар шығаруға, креативке баулып отыр. Бұл туралы көп ақпаратты өткен жазбаларымда айтқандай Асхат Еркімбай ұстазымыздың сабағы мен мақала, сұхбаттарынан білген едім. Әрі қарай жаңа медианың болашағы зор деген түсініктің төңірегінде ой қозғағым келеді.  Оқуды жалғастыру

Менің жұлдызым…

 

AXpFH6rOWeo

Жұлдызым жұлдыздың ішінде

                Менің жұлдызым бір топтағы құрбым Ақнұр Қарабай. Онымен әңгіме барысында не себепті таңдауы журналистикаға түскендігі жөнінде сұрадым. Ақнұрдан өзгелер айтқандай, «Армандағы мамандығым журналист еді» деген жауапты күткен болатынмын. Бірақ оның жауабы мүлде басқа болды. Оқуды жалғастыру